Ұлытау облысы Фтизиопульмонология орталығында тәулік бойы жұмыс істейтін стационар қызмет көрсетеді.
Ұлытау облысы Денсаулық сақтау басқармасы бойынша 2023 жылғы 19 мамырдағы бұйрыққа сәйкес облыстық фтизиопульманология орталығында тәулік бойы жұмыс істейтін стационар қызметін бастайды. Тәулік бойы жұмыс істейтін стационардың жалпы төсек қоры 30 төсектен тұрады, оның ішінде туберкулездің сезімтал түрімен ауыратын науқастарға 15 төсек, туберкулездің мультирезистентті тұрақты түрімен ауратын науқастарға 15 төсек бөлінген.
Естеріңізге сала кетейік, осы айдың басында орталықтың қызметін жалғастыру туралы мәселе көтерілген болатын. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мониторингтік тобы тәулік бойы жұмыс істейтін стационардың функцияларын Қарағанды облыстық туберкулезге қарсы диспансеріне (стандарттарға сәйкес келмеуііне орай) беруді ұсынып, бірқатар негізгі проблемалар қатарында қажетті кадрлық әлеуеттің, емдеу және зерттеу жабдықтарының жоқтығын атап өткен болатын. Сол кезде облыс әкімнің орынбасары Ғалымжан Құсманғали жергілікті билік атынан жақын арада проблемаларды шешу жолдары қаралып, облыстық фтизиопульманология орталығы өз қызметін толыққанды жалғастыратыны туралы үзілді — кесілді мәлімдеме жасағаны белгілі.
Бүгінгі таңда облыс басшылығы тарапынан қабылданған шаралардың арқасында орталықта тәулік бойы жұмыс істейтін стационар өз ызметін бастады, онда есепте тұрған пациенттер жоспарлы түрде жатқызылып, емделеді. Болашақта реанимация бөлімшесін ашу көзделеген. Маман бактериолог және зерттеу жабдықтарымен қамтамасыз етілгенге дейін талдаулар (анализдер) уақытша Қарағанды қаласының баклабораториясына жіберілеріліп отырады.
